28.09.2023, 15:15
Оқылды: 54

БҚО волонтерлері бас қосты

Батыс Қазақстан облысының қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «Орал студенттер Альянсы» Корпоративтік қорының ұйымдастыруымен «Өңірлік волонтерлік бастамалар: тәсілдер мен тәжірибелер» тақырыбында Батыс Қазақстан облысының волонтерлер форумы өткізілді.

103de535-e699-4ecb-9faf-b7b9a5b9b4e4

Форум кеше гибридті форматта өткізілді.

Форум волонтерлер мен волонтерлік ұйымдар үшін Батыс Қазақстан облысының аудандарынан келген делегаттар, сондай-ақ республикалық волонтерлердің фронт-офисі өкілдері қатысқан ірі облыстық іс-шаралардың біріне айналды.

756134e8-29af-4bbb-9024-6639a2996b39

Шара екі кезеңнен тұрды.

Бірінші кезеңде форумның ресми бөлімінде БҚО қоғамдық даму басқармасының жастар ісі жөніндегі бөлім басшысы Мирфат Бисекенов, «Ұлттық волонтерлік желі» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры Татьяна Миронюк, БҚО жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Аңсар Ибраев, «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің БҚО филиалының төрағасы Дулат Мақатов, «Орал студенттер Альянсы» корпоративтік қорының директоры Тасболат Серікқалиев сөз сөйлеп, форумның жұмысына сәттілік тіледі.

6af3c75e-3276-458e-b569-6588a2287b95

Екінші кезеңде секциялық отырыстар өтті. «Әлеуметтік волонтерлік және инклюзия» тақырыбындағы секциялық отырыста «Мейірім» мүгедек балалар мен олардың ата-аналарының Батыс қазақстандық қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Элеонора Бекказиева, «Денсаулық сақтау саласындағы волонтерлік» тақырыбындағы секциялық отырыста алғашқы көмек көрсету тренері, күміс волонтер, «Халық алғысы» медалінің иегері Светлана Тенешова, «Көшбасшылық дағдыларды дамыту» секциялық отырысында БҚО қоғамдық даму басқармасының жастар ісі жөніндегі бөлім басшысы Мирфат Бисекенов, «Волонтерлікті мемлекеттік стандарттау» секциялық отырысы бойынша волонтерлік ұйым жетекшілерімен 2024-2026 жылдарға волонтерлікті дамытудың мемлекеттік стандарты бойынша жол картасының әзірлеушісі, сарапшы Елена Амреева, «Ұлттық волонтерлік желі» ЗТБ атқарушы директоры Татьяна Миронюк, «Ұлттық волонтерлік желі» ЗТБ атқарушы директорының орынбасары Айбек Досымбетов тәжірибелерімен бөлісті.

e574a935-8018-4825-98f3-08a59127115a

Форум барысында сарапшылардың, аудандардан келген волонтерлердің қатысуымен, БҚО-да волонтерлік корпусты дамытудағы оң тәжірибелер талқыланып, үздік волонтерлік жобалардың таныстырылымы өткізілді. Үздік волонтерлік жобалар қатарында «Menin Armanym» корпоративтік қорының БҚО-дағы өкілі Мұса Кунеев, «Жебе» жастар бірлестігінің жетекшісі Салық Хаметов, Оқушылар сарайының «Bala Time» волонтерлік жобасының жетекшісі Сабина Дәулетова, «Qadam» экологиялық қозғалысының көшбасшысы Наргиза Ерболатова болды.

                                                                                Жандос Сұңғатов,

БҚО қоғамдық даму басқармасының бас маманы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале