4.10.2023, 12:45
Оқылды: 171

Карина Ибрагимова Азия ойындарының финалында жұдырықтасады

Боксшы Карина Ибрагимова Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарының финалына жолдама алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

cd7cfbf9db2ab0da84f47f0f41aa28c1

Фото: Спортты дамыту дирекциясынан

Қазақ боксшысы (57 кг) жартылай финалда Миджона Самадовадан (Тәжікстан) басым түсті. Төрешілер шешімі 3-2. Қазірдің өзінде Каринаның еншісінде Париж Олимпиадасының жолдамасы бар. Енді Ибрагимова финалда Тайбэй былғары қолғап шебері Ю Тин Лимен күш сынасады.

Ұлттық құрама спортшысы Ханчжоуда ширек финалда Намуун Монхорды (Моңғолия) жеңген. Ал алғашқы айқасында Жинь Хьян Пэкті (Солтүстік Корея) жарыс жолынан шығарған. Айта кетейік, Ибрагимова әлем чемпионатының 3 дүркін жүлдегері, 27 жастағы спортшы биыл күміс, 2022 мен 2018 жылы қола медаль алған. Былтыр Азия чемпионы атанған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале