Қазақстанда отандық әдебиет, кітап шығару және цифрлық оқу технологияларын дамытуға бағытталған грант конкурсының қорытындысы шығарылды, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.

Фото: madenietaqparat
Қаражат бөлінген 10 үздік жоба қазақ тіліндегі цифрлық кітапханалар мен платформаларды құруға, балаларға арналған сапалы комикстер мен ертегілер шығаруға, сондай-ақ жасанды интеллектті қолданатын интерактивті білім беру құралдарын әзірлеуге мүмкіндік алады.
Аталған бастамалар тізіміне «Сөз-Қазына», Oqiber, «Бір беттік кітап: Қазақ ертегілері», Satti.asia, «Тәтті ертегі», Abai Library, «Tulga», Compara, сондай-ақ «Домбыра үйренгім келеді» жобасы мен отандық комикстер топтамасы енді. Бұл жобалар заманауи шешімдер арқылы ұлттық мәдениетті дәріптеп, жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға бағытталған.