12.10.2026, 23:00
Оқылды: 56

Цифрлық отбасы картасы қазақстандықтардың әлеуметтік әл-ауқатын қалай анықтайды?

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Цифрлық отбасы картасы (ЦОК) қазақстандықтардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын анықтап, мемлекеттік қолдау шараларын проактивті түрде көрсетуге мүмкіндік береді.

istockphoto-1329553194-2048x2048

Фото: istockphoto.com

2023 жылдан бастап жұмыс істейтін бұл жүйеде бүгінде 6,2 миллион отбасыға біріктірілген 20,6 миллион азамат туралы мәлімет қамтылған.

БҰҰ Даму бағдарламасымен бірлесіп әзірленген халықаралық тәсілдер негізінде отбасылар әл-ауқатының деңгейі бес санатқа (A-дан E-ге дейін) бөлінеді. Бағалау тек табыс мөлшерімен ғана емес, қаржылық жағдайды, мүлікті, жұмыспен қамтуды, несиелерді және бизнес пен тұрғын үй жағдайларын қоса алғанда, 59 көрсеткіш пен 8 негізгі бағыт бойынша кешенді түрде жүргізіліп, ай сайын жаңартылып отырады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале