15.08.2022, 10:45
Оқылды: 159

Дәдем ата – Жұмағазы қазіретке ас берілді

Ел ішінде Дәдем ата атанып кеткен Жұмағазы қазірет әулие мекені қаладан қашық емес. Бұл жер қазір адамдардың ең көп тоқтайтын ірі орталығына айналып үлгерді.

дәдем ата 00

Қасиетті мекенде ас беру дәстүрге айналды. Шара екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімінде келушілер Дәдем ата музейімен танысты. Музейдің ашылғанына көп болға қойған жоқ. Ішінде облыс тарихында ізі қалған ғұламалар, әулиелер,  тарихшы-әдебиетшілер туралы деректер мен олардың суреттері қойылған.

музей

дәдем ата 1

Музей жұмысымен танысқан қатысушылар кейін дөңгелек үстел басында жиналып, қазақ тарихындағы әулие-әмбиелер туралы сөз өрбітті.

ғ

«Ас беріледі деген сөз тек тамақ ішіп кету емес. Мәдени-рухани шараға айналып кетті. Біз осы шара барысында конференция, дөңгелек үстелдер, тіпті бір жылдары спорттық ойындар да өткіздік. Пандемияға байланысты арада үзіліс болды. Енді міне қайта жандандырып жатырмыз»,- дейді «Дәдем ата» қорының жетекшісі Ғарифолла Жанбозов.

ғариф

дәдем ата 2

Бұл шара шынымен де әлеуметтік маңыз алып кеткен. «Дәдем ата» қоры бірнеше жылдан бері көпбалалы отбасыларға қаржылай қолдау көрсетуді әдетке айналдырған. Осы жолы да «Мектепке жол» акциясына үлес қосып көпбалалы отбасылардың балаларына деп 500 мың қаржылай көмек табыс етілді.

дәдем ата 3

Қасиетті жерде осымен жетінші рет ас беріліп отыр.

 

Жанат Көшкінбай,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале