29.12.2020, 10:55
Оқылды: 88

«Дәуірдің, уақыттың өзі жаратқан өміршең ақын»

Жуырда осындай атаумен Қадыр Мырза Әлидің 85 жылдығына арналған Орал қалалық білім беру бөлімінің мектепалды даярлық сыныбы мен шағын орталықтың тәрбиешілері арасында мәнерлеп оқудан байқау өтті.

 «Дәуірдің, уақыттың өзі жаратқан өміршең ақын»

Шаһардағы Хиуаз Доспанова атындағы №30 ЖОББМ-ның «Қадыртану» сыныбында ұйымдастырылған сайыс қалалық білім беру бөлімінің жұмыс жоспарына сай жүргізілді.

Байқау тәрбиешілердің шығармашылығын шыңдау, ізденіспен жұмыс жасайтын тәрбиешілерді анықтап, қолдау көрсету және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы тәрбиешінің мәртебесін көтеру мақсатында ұйымдастырылған болатын.

Мәнерлеп оқу жарысында кәсіби шығармашылық шеберлігі бар тәрбиешілер анықталып, жүлделі орындарға ие болды. Айта кетсек, жүлделі І орын №30 ЖОББМ-ның мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі Ару Нәсіпқалиеваға бұйырса, ІІ орынды №37 ЖОББМ-ның мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі Шынар Ғиниятова, ІІІ орынды Круглоозерный  орта мектебінің  шағын орталық тәрбиешісі Эльмира Ерсариева қанжығаларына байлады. Ал  №2 ЖОББМ-ның мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі Алмагүл Қосанова қалалық білім беру бөлімінің құрмет грамотасымен, №48 ЖОББМ-ның тәрбиешісі Мирамгүл Жүнісова алғысхатпен марапатталды.

Қалалық білім ошақтары арасында оздырылған байқаудан қатысушылар мен әділ қазылар керемет әсер алып тарқасты. Жерлес ағамыз, Қадыр ақынға арналған әдеби кештер жалғасын таба бермек.

Артына өлмейтіндей сөз қалдырған ұлы тұлғаларымыз ұлықтала берсін!

 

Анаргүл Сәрсенова,

Орал қалалық білім беру бөлімінің әдіскері

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале