5.07.2021, 23:16
Оқылды: 398

«Дельта» штамын жұқтырғандар тіркеле бастады

Эпидемиологиялық ахуал бойынша «қызыл» аймаққа қайта енген өңірімізде коронавирустың «дельта» штамы анықталды. Яғни КВИ жұқтырған 22 науқастың 18-інің сынамасынан «үнді» штамына тән мутация шығып отыр. Енді облысымызда шектеу шаралары күшейтілмек. Өйткені жаңа штамның жұқпалылығы коронавирустың бұрынғы түрлеріне қарағанда 60 пайызға жоғары, жылдам өршиді және салдары анағұрлым ауыр. Індеттің бұл түріне облыс тұрғындарының шалдыққанын тиісті сала мамандары өткен аптада өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында растады. Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаевтың мәлімдеуінше, өткен аптада КВИ-ге шалдыққандардың саны 38 пайызға артқан. Індет жұқтырғандардың дені Орал қаласында және Бөрлі, Тасқала, Бәйтерек аудандарында тіркелген.

 штамм дельта

Толығырақ облыстық «Орал өңірі» газетінің 2021 жылғы 6 шілдедегі №54 санындағы журналист Гүлсезім Бияшеваның «Дельта» штамын жұқтырғандар тіркеле бастады» атты материалынан оқи аласыздар!

 

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале