9.09.2026, 12:15
Оқылды: 8

Димаштың "AQERKE" әні халықаралық жазғы рейтингте үздік үштікке енді 

Жазғы хиттер рейтингін әлемнің әр елінен дауыс берген тыңдармандар анықтаған. Бұл туралы baq.kz сайты жазды. 

images

Сурет ашық дереккөзден 
Димаш Құдайбергеннің "AQERKE" композициясы халықаралық Channel R Radio радиостанциясы өткізген #UltimateSummerCountdown қорытынды рейтингінде үшінші орын иеленді.

Биылғы қорытынды тізімге 20 композиция енген. Дауыс беру 3 қыркүйекте аяқталып, нәтижелері 5 қыркүйекте жарияланды.

Тыңдармандардың таңдауы бойынша "AQERKE" жаз маусымындағы ең танымал әндердің үштігіне кірді.

Channel R Radio – заманауи танымал музыка мен жаңа релиздерге бағытталған тәулік бойы жұмыс істейтін халықаралық онлайн-радиостанция.

Радио әлем тыңдармандарына мобильді қосымша және iHeartRadio, Audacy, TuneIn, Apple Music секілді платформалар арқылы қолжетімді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале