Басты жаңалықтар
Оралда гараж бен шағын автобус жанып кетті
6 Желтоқсан 2023
Оралда гараж бен шағын автобус жанып кетті
Орал қаласында гараж бен шағын автобус жанып кеткен. Бұл туралы БҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.  Баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға кеше кешкі сағат…
Президент Есқалиевтер отбасына көңіл айту хатын жолдады
6 Желтоқсан 2023
Президент Есқалиевтер отбасына көңіл айту хатын жолдады
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өңірімізге танымал тұлға Нәжімеден Есқалиевтың қазасына орай марқұмның отбасына көңіл айту хатын жолдады. «Мемлекет және қоғам қайраткері Н.Ы.Есқалиевтің отбасы…
Су, қайдасың? Тамызда тапсырылуға тиіс нысан тұралап тұр
6 Желтоқсан 2023
Су, қайдасың? Тамызда тапсырылуға тиіс нысан тұралап тұр
Сырым ауданы Қособа ауылдық округінің әкімі Бейімбет Жайманов ауылдастарымен есептік кездесу өткізді. Жиналысқа Сырым ауданының әкімі Жұмагелді Батырниязов қатысты. «Жымпитыдан Қособаға ауыз су келеді деген?…
БҚО футбол қауымдастығы жылды қорытындылады
5 Желтоқсан 2023
БҚО футбол қауымдастығы жылды қорытындылады
Биыл Қазақстан футболына 110 жыл толды. Орал қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімінің қолдауымен БҚО футбол қауымдастығы жыл бойы футзалдан әуесқой командалар арасында қалалық ашық…
Оралдық студент БҚО төтенше жағдайлар департаментінің үздік волонтері атанды
5 Желтоқсан 2023
Оралдық студент БҚО төтенше жағдайлар департаментінің үздік волонтері атанды
Бүгін Батыс Қазақстан облысы ТЖД басшылығы жыл бойы ТЖ алдын алу және жою жөніндегі жұмысқа белсенді қатысқан волонтерларға алғысхаттар табыстады. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар…
Дулат Исабеков: «Ұлттық мемлекет еместігі АҚШ-тың түбіне жетеді»
5 Желтоқсан 2023

Дулат Исабеков: «Ұлттық мемлекет еместігі АҚШ-тың түбіне жетеді»

Оралда басына кірпіш тас құлаған әйел көз жұмды
26 Қараша 2023

Оралда басына кірпіш тас құлаған әйел көз жұмды

БҚО-да боранда жоғалып кеткен ер адамның денесі табылды
24 Қараша 2023

БҚО-да боранда жоғалып кеткен ер адамның денесі табылды

23 Қараша 2023

"Аруман" жылыжай кешенімен танысты

Шыңғырлауда өткен қабылдау
23 Қараша 2023

Шыңғырлауда өткен қабылдау

Шыңғырлау ауданында үш қабатты үй қолданысқа берілді
23 Қараша 2023

Шыңғырлау ауданында үш қабатты үй қолданысқа берілді

Домбыраны ұшаққа алып кіруге рұқсат па: Азаматтық авиация комитетінің басшысы жауап берді

Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев "домбыраны, жалпы ұлттық аспаптарды ұшаққа кіргізуге рұқсат па?" деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

651bce59acad1574891449Коллаж: ulysmedia.kz.

Еске сала кетейік, биыл жазда депутат Ринат Зайытов Мәжілісте өткен Үкімет сағатында мәселе көтеріп, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне жүгінген еді. Депутат “ұлттық аспаптарды ұшаққа кіргізуге рұқсат етілуі керек” деп есептейтінін жеткізген. Оның бұл сауалды жолдауына айтыскер Айшолпан Тілеутайға Fly Arystan қызметкерлерінің домбыраны қол жүгі ретінде ұшаққа кіргізуге рұқсат бермегені  себеп болған.

“Осы мәселені шешіп беріңіздер. Қазақтың саусаққа толмастай 4-5 ұлттық аспабы бар. Сол аспаптар ұшаққа кіргізуге рұқсат алсын. Егер қолдарыңыздан келмесе, онда Алматы, Астананың әуежайына жоқ дегенде 1000 домбырашыдан қойып, "Адай" күйін ойнатып, жалынып сұрайық", - деген еді Ринат Зайытов.

Ұлттық аспаптарды жалпы ұшаққа алып кіруге бола ма? Бүгін осы сұрақты Ulysmedia.kz тілшісі Азаматтық авиация комитетінің басшысы Талғат Ластаевқа қойған.

“Біз сол мәселені заңды түрде қарастырдық. Талқыладық. Әрбір музыкалық аспапты бортқа өзімен алып жүруге рұқсат. Бірақ жолаушы әуе компаниясын алдын-ала ескертуі керек. Ескертсе, оған заңды түрде ешқандай кедергі болмайды. “Рұқсат емес” деген заңда жоқ. Негізі рұқсат. Өзіңіз білесіз, ұшақ әртүрлі. Мәселен, Qazaq Air компаниясының багажды полкасына көп жүк сыймайды. Басқа жолаушыларға екінші жолаушының заты қолайсыздық туғызуы мүмкін. Сол себепті алдын-ала ескертсе, экипаж біліп, жолаушыларға көңіл аударып, мәселені реттей алады”, – дейді Талғат Ластаев.

ulysmedia.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале