1.07.2021, 11:41
Оқылды: 144

"Екпе салдыру - өзіңді және туыстарыңды жұқпалы дерттен қорғау"

Кенжеғали Ғұбашев, М.Ықсанов атындағы №36 жалпы орта мектебінің психологі:

C43AD52D-2EF3-42F2-B25B-02AC1B4B8022

– Өткен жылдан бастап елді дүрбелеңге салған COVID-19 дерті әлі күнге бәсеңсімей тұр. Жаппай екпе алған әлем елдеріндегі жағдайдың түзеле бастағанынан да хабардармыз. Ауруға қарсы дәріні салдырудың төңірегінде де пікірлер екі тарапқа жарылуда. Мен жуырда коронавирус дертіне қарсы вакцина алдым. Себебі екпе салдыру, ең алдымен, өзіңді және туыстарыңды жұқпалы дерттен қорғау үшін аса қажет деп білемін. Әр адам келешекте жаман індетті жұқтырмас үшін осындай шешім қабылдау керек. Бұл – өз денсаулығыңа деген жауапкершілік. Оның үстіне білім беру саласында қызмет еткен соң күнбе-күн оқушылармен, олардың ата-аналарымен кездесуге тура келеді. Сондықтан өзіңнің де, өзгенің де денсаулығына аса мұқияттылықпен қараған жөн. Өткен жыл да биыл да бүкіл адамзат үшін қиын кезеңдер болуда. Вирустың салдарынан қаншама адам ет жақын ағайындарынан, тума-туыстарынан, дос-жарандарынан айырылып жатыр. Егер біз инфекцияның таралуын қаламасақ, еш ойланбастан екпе қабылдауымыз керек.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале