22.03.2019, 12:54
Оқылды: 29

Елбасы есімін ұлықтау - елдігіміздің белгісі!

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін ұлықтау- елдігіміздің белгісі! Отыз жыл ішінде Қазақстанның ел болып өсіп-өркендеуі, әлемдік саяси арена мен экономикалық қауымдастықта ойып тұрып орын алуы осы ұлы тұлғаның есімімен тығыз байланысты.

qaz

Астана қаласының біздің ұрпақ білетін соңғы атауы Целиноград болуы - ол ұлттың сан ғасырлық тарихы мен өткенін белден басып, тілін де, дінін де, ділін де бір мезет жоқ қылған құйтырқы саясат екенін бәріміз білеміз. Сол келмеске кеткен империяның өзі де астана салып, «Еуропаға ашылған терезе» деп I Петр патшасына да есімін берген жоқпа еді? Одан қала берді ел жұртты қанға бөктірген қолбасшыларына да бір-бір қаладан есімдерін бермеп пе еді?!

Ендеше Тәуелсіздігіміздің туы болған, елін, жұртын 90-шы жылдардағы қантөгістерден аман алып шыққан, ішкі тыныштықтың символы, өзіміз түгілі әлемнің небір марқасқа елдері мойындаған және мойындата білген кемеңгер тұлғамыздың есімін Астана қаласына беруді ұжым болып толықтай қолдаймыз. Жер бетінде Қазақстан деген елдің, қазақ деген ұлттың бар екенін әлем тек Тәуелсіздіктен кейін ғана таныды.

Сол себепті елордамызға Нұр-Сұлтан есімін беру қазақ халқының тарихында мәңгілік сақталып қалуын және Тұңғыш Президентіміз, Елбасының қазақ халқы үшін сіңірген өлшеусіз еңбегі мен өр тұлғалық қасиетін Тәуелсіз ел ұрпақтары санасына сіңіру - біздің міндетіміз!

Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары
педагогикалық колледжінің ұжымы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале