29.10.2026, 20:00
Оқылды: 115

Елімізде мұғалімдердің есебі азайып, ар-намысын қорғау шаралары күшейтіледі

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында инклюзивті білім беруді дамыту және педагогтерге түсетін әкімшілік жүктемені азайту жөнінде маңызды тапсырмалар берді.

Мектеп, оқушы ЖП / Гүлмира С.С

​Жиында Оқу-ағарту министрлігіне өңір әкімдіктерімен бірлесіп, мұғалімдердің есептілігінің барлық түріне түбегейлі ревизия жүргізу жүктелді. Мақсат – әртүрлі платформалардағы қайталанатын есептерді жойып, ұстаздардың артық жұмыстан босатылуын қамтамасыз ету.

​Сондай-ақ Үкімет басшысы ағымдағы жылдың 10 желтоқсанына дейін мұғалімдердің ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғау шараларын күшейту жөнінде нақты ұсыныстар енгізуді тапсырды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале