25.07.2026, 17:30
Оқылды: 19

Елордада аэротакси сынақтан өтті

ҚР Көлік министрлігінің дерегінше, Астанадағы «Қазанат» ипподромының аумағында электрлі тік ұшып-қонатын әуе кемесі (eVTOL) негізіндегі аэротаксидің демонстрациялық ұшуы өтті. Бұл шара Қазақстанда қалалық әуе мобильділігін (Urban Air Mobility, UAM) дамыту жобасын жүзеге асырудың маңызды кезеңіне айналды.

a6ab8427a3906c33f8c24d369ec43385_1280x720

Фото: gov.kz

Аталған сынақ ұшуын қазақстандық Alatau Advance Air Group Ltd. (AAAG) компаниясы қытайлық AutoFlight компаниясымен бірлесіп ұйымдастырды. Бұл ретте бір ұшқыш пен бес жолаушыға арналған AutoFlight Prosperity әуе кемесі қолданылды, ал қауіпсіздік талаптарына сәйкес сынақ кезінде жолаушылар болған жоқ.

Қазіргі таңда Көлік министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп қалалық әуе мобильділігін енгізудің құқықтық және инфрақұрылымдық негізін қалыптастыру бойынша ауқымды жұмыстар атқаруда. Осы бағытта eVTOL аппараттарын, вертипорттарды және ұшқышсыз әуе қозғалысын басқару жүйелерін реттеуге арналған заңнамалық өзгерістер қабылданып жатыр.

59ae9d2f0c472b9c16ca329448f97aae_1280x720

Бұл демонстрациялық ұшудан кейін AutoFlight Prosperity әуе кемесі 2026 жылғы 29 шілде мен 9 тамыз аралығында елордада өтетін «Future Games 2026» халықаралық фиджитал турнирінде көпшілік назарына ресми түрде ұсынылады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале