4.06.2026, 23:00
Оқылды: 45

«Еңбек жолы» конкурсына өтінім қабылдау басталды

Астанада жалпыға ортақ еңбек қоғамы идеясын насихаттау мақсатында жыл сайынғы «Еңбек жолы» конкурсы өткізіледі. Конкурсқа еңбек әулеттері, жас мамандар және еңбек өтілі 20 жылдан асатын тәлімгерлер қатыса алады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

_gluster_2026_6_4_6a9c1218332a78347c6ae24911c03449_1280x720

Фото: gov.kz

«Еңбек жолы» конкурсына өтінім қабылдау 1 шілдеге дейін жалғасады.

Конкурс үш номинациядан тұрады:
1) «Үздік еңбек әулеті» – еңбек өтілі ең ұзақ, марапаттары ең көп әулет анықталады;
2) «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» – еңбек өтілі кемінде 20 жыл болатын ең нәтижелі тәлімгер анықталады;
3) «Өндірістің үздік жас қызметкері» – еңбек өтілі 5 жылдан аспайтын ең белсенді әрі еңбекқор өндіріс қызметкері анықталады.

Конкурс туралы толық ақпаратты мына телефондар арқылы алуға болады: 55-68-11, 55-68-34, 55-68-05 (Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы).

Мекенжайы: Бейбітшілік көшесі, 9, 2-қабат, 220-кабинет, жұмыспен қамтуды үйлестіру бөлімі. Электрондық пошта: a.adilbekov@astana.kz, gulmira.kydyrbekova@astana.kz.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале