1.10.2026, 9:00
Оқылды: 4

Ерте қаржыландыру: 1 қазаннан бастап «Кең дала – 2» бағдарламасы бойынша шаруалардан өтінім қабылдау басталады

Қазақстан ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді мемлекеттік қолдау жүйесінде қаржыландыруды ертерек бастау тетігіне кезең-кезеңімен көшіп келеді. Бұған дейін несие қаражатының басым бөлігі егіс жұмыстары кезеңінде берілетін. Қазір ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер маусым басталғанға дейін бірнеше ай бұрын қаржыландырылып, алдын ала дайындық жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік алып отыр. Бұл туралы primeminister.kz жазды.

img-8966-2

Мұндай тәсіл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы 15 қарашада өткен ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің алғашқы форумында берген тапсырмасын орындау аясында жүзеге асырылуда. Тапсырмада егіншілерді негізгі маусымдық жұмыстар басталғанға дейін қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету және егіс науқанына дайындық сапасын арттыру міндеті қойылған.

Ауыл шаруашылығында уақыт өте маңызы. Тұқым, тыңайтқыш, өсімдіктерді қорғау құралдары, жанар-жағармай және қосалқы бөлшектер шаруашылыққа техника алқапқа шыққан күні емес, одан әлдеқайда бұрын қажет. Ерте қаржыландыру шаруаларға қажетті қорларды алдын ала қалыптастырып, техниканы дайындауға және қаржылық жүктемені ауыл шаруашылығы циклі барысындағы ең қарбалас кезең басталғанға дейін бөлуге мүмкіндік береді.

Бұл көрсеткіштер егін жинау науқанының нәтижелерін ғана емес, сонымен қатар ішкі нарықты алдағы уақытта қамтамасыз ету үшін қалыптасып жатқан тауар қорларының көлемін де көрсетеді.

Келесі кезең – 2027 жылғы маусымға дайындық

Шаруаларды мемлекеттік қолдау жүйесінің архитектурасы біртіндеп өзгеріп келеді. Оның негізі жеңілдікті қаржыландыру көлемін ұлғайтумен ғана шектелмей, мемлекеттік қаржылық қолдаудың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіге қай кезеңде қолжетімді болатынын өзгертуге бағытталуда. Ауыл шаруашылығы маусымына дайындықтың жаңа циклі ағымдағы жыл аяқталмай тұрып басталады. Бұл ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге қажетті ресурстарды алдын ала қалыптастыруға, техниканы дайындауға және келесі маусым басталғанға дейін көктемгі егіс жұмыстарын жоспарлауға мүмкіндік береді.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале