2.08.2019, 20:56
Оқылды: 158

Ертең Орал қаласының 11 аумағында "Таза жағалау" сенбілігі өтеді

Республика көлемінде жүргізіліп жатқан #Birge #TazaQazaqstan экологиялық акциясы аясында "Таза жағалау" шарасы өз жалғасын таппақ. Ертең, 3 тамыз күні сағат 9:00-ден бастап Орал қаласының 11 аумағында тазалау шаралары өтеді.

Жағалаулар мен тоғайдарды тазалау жұмыстары төменде аталған аумақтарда жүргізілмек:
1) Чапаев бөгетінен Металлист зауыты маңындағы жағажайға дейін;
2) Металлист зауыты маңындағы жағажайдан сорғы стансасына дейін;
3) Автокөлік көпірінен 8 мектеп ауданына дейін;
4) 8 мектеп ауданынан Стелла маңы жағажайына дейін;
5) Стелла маңы жағажайынан Ескі шіркеу аумағына дейін;
6) Ескі шіркеу маңынан Хан тоғайы жағажайына дейін;
7) Хан тоғайы жағажайынан Шаған өзенінің сағасына дейін;
8) Жайық өзенінің жағасынан Коминтерн ауданына дейін;
9) Шаған өзені жағасы (ескерткіштен су стансасына дейін);
10) Деркөл өзені жағасы;
11) Шаған өзені жағасы (Новенький ауылы).

Қала тұрғындарын және қонақтарын жасыл қаламыздың тазалығын сақтауға атсалысуға шақырамыз!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале