Маймыл шешегіне байланысты Еуроодақтың кейбір елдері осал топтар арасында вакцина сала бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.
Фото: inbusiness.kz
Бельгияның VRT телеарнасы хабарлағандай, Бельгияның бірнеше ондаған тұрғыны маймыл шешегіне қарсы вакцина үшін көрші Францияға барған. Олар екпе алу үшін Францияның солтүстігіндегі шекарада орналасқан Лилль қаласына барып жүр. Францияда вакцина алу шарты Бельгиядағыдай қатаң емес.
Ер адамдармен жыныстық қатынасқа түскен еркектер, трансгендерлер мен секс-бизнес жұмысшылары Франция үкіметінің талаптарына сәйкес келеді. Белгияда вакцина басталған мақсатты топтар саны шектеулі. Қазіргі кезеңде вакцинаға мыналар құқылы: АИТВ диагнозы расталған ер адамдармен жыныстық қатынасқа түскен ер адамдар, сондай-ақ ерлер мен трансгендерлік секс-жұмыскерлер, иммун тапшылығы және жұқтыру қаупі жоғары адамдар, сондай-ақ вируспен жұмыс істейтін зертхана қызметкерлері.
Қазір бүкіл Францияда маймыл шешегіне қарсы вакциналардың 74 мың дозасы бар. Бельгияда қазан айына дейін 3040 доза резерві бар.
11:4623.11.2022
ДДҰ АҚШ қысымына байланысты маймыл шешегінің атын өзгертеді
15:4622.11.2022
Коронавирус қайта күшейді, Pfizer вакцинасы халықтың барлық санатына қолжетімді болады – Ажар Ғиният
15:489.11.2022
Қазақстанда 2 млн-нан астам адам тұмауға қарсы вакцина алды
16:157.11.2022
Украинаның ЕО-ға кіруіне дайындық жылдарға созылады - Еурокомиссия
23.11.2022, 11:46
22.11.2022, 15:46
9.11.2022, 15:48
7.11.2022, 16:15