27.11.2020, 9:37
Оқылды: 82

Ғалым  Құдайбергенов: «Мені  бес  баппен  айыптап, атуға  кесім  шығаруға  тырысыпты...»

Бұл азамат  шет жайлап, Ақ Жайықтан жырақта жүрсе де, атакүлдігі осы өзіміздің облыс, оның ішінде Бөрлінің Ақсайынан. Ал өткен өмір жолы, тындырған істері қалай мақтауға да тұрарлық. Бастан кешкендері, көрген-түйгендері қажет санаған адамға тағылым болуға жарап қалуы әбден мүмкін. Қысқарта айтқанда, інілік мақтанышпен «Біздің ағамыз»  деп кеуде ұрып мадиықтануға жарайтын жан. Бүгінде 70-ті орталаса да, әлі еңбектен қол үзбеген, үлкен ұжымды басқарып, таудай-таудай істер тындырып жүргенін қалай мақтасаңыз да көптік етпейді. Оның үстіне біздің «Орал өңірі» газетіне де тап бір алыс адам емес. Сосында болар, «Орал өңірі» десе,  бүйрегі бүлкілдеп қоя беретінін, ілтипаты ерекше құйылып, төгіліп тұратынын бірінші кездескенімізден-ақ байқағанбыз.  Біздің таныс-біліс  болғанымызға 15 жылдан асып барады. Әу баста өзі туралы жазуға үзілді-кесілді қарсы болғанын да айта кетуіміз керек.   Тек осыдан 3-4 жыл бұрын-ау, өзінің рұқсатымен алғаш қандай жағдайда танысқанымыз туралы газетімізде жаздық.

мени бес баппен айыптап3

Сонымен өзі де жосын, тындырған, атқарған, бітірген жұмыстары одан да зор, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, агрономия саласындағы еліміздің мықты мамандарының бірі Ғалым  Құлжанұлы Құдайбергенов ағамызбен «Орал өңірі» газетінің арнаулы тілшісі Есенжол Қыстаубаев облыстық «Орал өңірі» газетінің №94 санында сыр шертіседі. Ол үшін «Мені  бес  баппен  айыптап, атуға  кесім  шығаруға  тырысыпты...» атты мақаланы оқыңыз!

 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале