25.11.2021, 14:50
Оқылды: 80

Германияның жаңа канцлері азаматтарға міндетті вакцинация жариялауы мүмкін - БАҚ

Германия канцлерлеріне үміткер Олаф Шольц COVID-19 вакцинациясына ішінара мандат енгізуді қарастырып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle агенттігіне сілтеме жасап.

photo_90315

Шольц оның коалициясы кейбір негізгі жұмысшыларға вакцинациялауды міндеттеуге ниетті екенін, бірақ бұл міндет барлығына бірдей жүргізілмейтінін айтты. Сонымен қатар, жақында YouGov сауалнамасында халықтың 69 пайызы барлық азаматтар үшін міндетті вакцинанцияны қолдайтындарын көрсетті.

Гессен және Баден-Вюртемберг штаттарының премьер-министрлері және Берлин мэрі сияқты кейбір жетекші заң шығарушылар да барлық азаматтар үшін міндетті вакцинацияны жақтады.

Газеттің хабарлауынша, қазіргі уақытта Германия халқының 68,1 пайызы ғана толық вакцинацияланған, ал шығыстағы Саксония штаты ауруды ең көп жұқтырған қалалардың бірі екені, қазіргі таңда көрсеткіш 57,8 пайызға дейін төмендеген.

Роберт Кох институтының мәліметі бойынша, Германияда пандемия кезінде коронавирусптан қайтыс болған азаматтардың саны 100 119 болды. Ауру көрсеткіші елде жаңа антирекорд орнатып, 419,7 құрады. Германияда пандемия кезінде барлығы 5 573 756 адам ауырды.

Бұған дейін Германияның COVID-19 таралуы бойынша әлемдік көшбасшылардың біріне айналғаны хабарланған болатын.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале