5.09.2020, 12:42
Оқылды: 124

Ғ.Есқалиев: «Шекара аумағындағы елді мекендерге ғаламтор қолжетімді болуы тиіс»

4 қыркүйек күні «ТДК-42» телеарнасында Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиевтің қатысуымен тікелей эфирде өткен «Əкім сұхбаты» бағдарламасында алғашқылардың бірі болып бәйтеректік тұрғын сауал жолдады.
Әкім 3

Бәйтерек ауданы Егіндібұлақ ауылдық округінің тұрғынын жоғары жылдамдықтағы ғаламтор желісіне қосылу мәселесі бойынша хабарласқан.

Ауыл тұрғынының сауалына сүйенсек, Ресей Федерациясының Саратов облысымен шектесетін аталмыш ауылда байланыс өте назар.

- «Қазақтелеком» АҚ-ның алға қойған стратегиялық жоба-жоспарлары бар. Бүгінгі таңда облыс аумағындағы елді мекендерді жоғары жылдамдықтағы ғаламтор желісімен қамтамасыз етуде бірқатар жұмыстар атқарылуда.

Ауыл тұрғыны қойған сауалға орай шекара аумағында орналасқан елді мекендер тұрғындары үшін де ғаламтор желісі қолжетімді болуы тиіс, - деді облыс әкімі Ғали Нәжімеденұлы.

 

Ертай Бимұханов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале