Жаңақала ауданында фельдшерлік-амбулаториялық пункт ашылды
22 Қыркүйек 2023

Жаңақала ауданында фельдшерлік-амбулаториялық пункт ашылды

БҚО-да жол апатынан төрт адам қаза тапты
22 Қыркүйек 2023

БҚО-да жол апатынан төрт адам қаза тапты

Орал алдағы жылыту маусымына дайын ба?
22 Қыркүйек 2023

Орал алдағы жылыту маусымына дайын ба?

БҚО-да биылғы сегіз айда жол-көлік оқиғалары 29%-ға көбейген
22 Қыркүйек 2023

БҚО-да биылғы сегіз айда жол-көлік оқиғалары 29%-ға көбейген

Мемлекетке қайтарылған жер әділ бөлінуі тиіс – С.Жұманғарин
22 Қыркүйек 2023

Мемлекетке қайтарылған жер әділ бөлінуі тиіс – С.Жұманғарин

БҚО-да ірі мұнай компаниясы 11 млрд теңге салық пен айыппұл төледі
22 Қыркүйек 2023

БҚО-да ірі мұнай компаниясы 11 млрд теңге салық пен айыппұл төледі

ІІІ тоқсан қашан басталады?

Елдегі төтенше жағдайға  байланысты түрлі өзгерістер орын алуда. Облыстық  білім  басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, 30  желтоқсан мен 10 қаңтар аралығында мектеп  оқушылары қысқы  демалыста. ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен қысқы  демалыс 17 қаңтарға дейін  ұзартылды. Мектеп мұғалімдері демалыс кезінде елді мекендегі жағдайға байланысты қашықтан  немесе дәстүрлі  сипатта, балабақшалар да дәл солай өз өңіріндегі жағдайға байланысты жұмыс істейді. 

WhatsApp Image 2022-01-12 at 14.22.49

 

 

Колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері академиялық күнтізбеге қарай 24 қаңтарға дейін демалыста болады.

Облыстық білім басқармасы баспасөз хатшысының мәліметіне сүйенсек, қаңтар айындағы ҰБТ-ға өтініштерді қабылдау және тапсыру мерзімдері өзгертілген.

Қаңтар айындағы ҰБТ-ға қатысу үшін өтініштерді қабылдау 21 қаңтарға дейін ұзартылды. Бұған дейін 24 желтоқсаннан 5 қаңтарға дейінгі кезеңге өтініштерді қабылдау  жоспарланған болатын. Алайда елдегі күрделі ахуалға байланысты және талапкерлердің мүдделерін ескере отырып, Білім және ғылым министрлігі мерзімді 21 қаңтарға дейін ұзарту туралы шешім қабылдады. Сондай-ақ ҰБТ-ны өткізу мерзімі 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығынан кейінге шегерілді. Енді тестілеу 25 қаңтар мен 22 ақпан аралығында өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, бұл тестілеуге шартты түрде ақылы негізде күндізгі оқу нысаны бойынша жоғары оқу орындарына қабылданған, жазғы ҰБТ нәтижелері бойынша шекті балл жинамағандар мен мектеп бітіретін түлектер ақылы жоғары оқу орындарына  түсу үшін қатысады. Сонымен қатар министрлік магистратура мен докторантураға қабылдау мерзімін 24 қаңтарға дейін ұзар­ту туралы шешім қабылдады. Екінші қабылдау қорытындысы бойынша мыңнан астам қазақстандық грант иегері атанды.

Гүлжамал Кенжеғалиева,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале