Инсультке әкелетін негізгі қауіп факторлары көбіне 60 жастан асқан адамдарда байқалады. Бұл туралы невролог Елена Овчинникова мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Сурет: istockphoto.com
Дәрігердің айтуынша, жас ұлғайған сайын инсульт алу қаупі де арта түседі. Жастар арасында бұл дерт көбіне тұқым қуалайтын аурулармен байланысты. Ал қан қысымының жоғарылауы, атеросклероз және жүрек ырғағының бұзылуы сияқты себептер жас адамдарда сирек кездеседі.
Овчинникованың түсіндіруінше, мұның басты себебі – жас ұлғайған сайын қант диабеті, қан қысымының жоғарылауы және қандағы холестерин мөлшерінің көбеюі сияқты денсаулық мәселелерінің жиілеуі. Әдетте инсультке әкелетін негізгі қауіп факторлары 60 жастан кейін айқын байқала бастайды.
Ал 60 жасқа толмаған адамдарды тексергенде дәрігерлер қан тамырлары ауруларына, тұқым қуалайтын ерекшеліктерге және қан жүйесіндегі бұзылыстарға баса назар аударады.