11.01.2022, 12:13
Оқылды: 36

Инвесторлар алдындағы мемлекеттің барлық міндеттемелері мен кепілдері толық орындалады - Президент

Инвесторлар алдындағы мемлекеттің барлық міндеттемелері мен кепілдері толық орындалады. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

210531141139614e

«Қазақстанда тікелей шетел инвестициясын тарту үшін барлық жағдай жасалған. Біз қолайлы инвестициялық ахуалдың сақталғанына мүдделіміз. Мемлекет ішкі және шетелдік инвесторлардың сенімін қайта қалпына келтіру үшін қажетті барлық іс-шараны қабылдайтындығына сендіргім келеді. Инвесторлар алдындағы мемлекеттің барлық міндеттемелері мен кепілдері толық көлемде орындалатын болады. Дәл осы кезеңде ESG – жаһандық энергетикалық және технологиялық ауысу талаптарының күшеюі жағдайында елдің тартымдылығын арттыру үшін инвестициялық саясаттың жаңа тұжырымдамасы қажет», - деді Мәжіліс отырысына бейнебайланыс арқылы қатысқан Қазақстан Президенті.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале