27.09.2023, 11:30
Оқылды: 37

Исатайды атуға да жасырын түрде рұқсат етілген

Ордаға жеткен подполковник Гекке Исатайдың соңына түсті. Алайда көтерілісшілерді тездетіп тарату мүмкіндігі Гекке үшін әлі де ерте болатын.

жп дала

Ол турасында Гекке Орынбор генерал-губернаторы Перовскийге:

«Исатай бастаған әскерді тез арада қуып жетемін де, сұлатып саламын деп, өзімді де, сізді де, құр босқа алдартқата алмаймын. Себебі оны ұстаудың барлық қиындығы мен азабын айқын көріп отырмын. Бұл топты қуып жету орыс отрядына оңайға түспейді. Олардың бізден күніне 100 шақырым жерге ұзап кетуге мүмкіндіктері бар. Бар болғаны соңдарынан көз жазбай жүре беру, тек жаныма ордалық Шыңғали Ормановты алуға рұқсат етсеңіз» деп жазған.
Жалпы патша өкіметі Исатайды ұстауға тыңғылықты дайындалды. Тіпті қажет деп тапса, Исатайды атуға да жасырын түрде рұқсат етілді.
Ел ішінде алып қашпа сөздер ерді. Бірі Исатай «Жайық сыртына кететін көрінеді» десе, бірі «Исатай өз еркімен берілетін көрінеді» деді.

Шегінерге жер жоқ, алдында орыс әскері тұрса, артында ерген халық тұрды.

Батыр алдында бір ғана мақсат тұрды. Ол ақиқат мақсаты. Ол «халық тілегін орындамаған» ханға халық қаһарын ұғындыру еді.
Алайда мақсатының зор екенін ұқса да, орындалмайтынын да білді. Сол мақсат жолында Исатай мен Махамбет хан әділетсіздігі мен патша отаршыларына қарсы күресті. Ол күрес Тастөбеде болған еді.

Зулхожа Шарафутдинов,
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале