28.05.2021, 12:15
Оқылды: 343

Қала әкіміне кәсіподақ жастары жұмыссыздық мәселесі аясында ұсыныс айтты

Қазіргі таңда жастарды ұйымдастыру іс-шаралары ашықтық пен жариялылыққа, еркін көзқарас пен пікір алмасуға бағыт алып келеді. Бұл орайда, 27 мамыр күні Батыс Қазақстан облысы белсенді жастарының, облыстық, қалалық мәслихат депутаттарының, кәсіподақ жастарының, жас кәсіпкерлердің, ақын-әртістердің қатысуымен «Орал жастар көзімен» атты ашық аспан аясында Орал қаласының әкімі Абат Абайұлымен кездесу өтті.

AD4B3D7E-B8ED-4D92-BD15-5B9F43690AA9

Қала басшысы белсенді жастардан шаһардың әрі қарай жандануына, жастар мәселесінің түйткілді сұрақтарын шешуге бірлесе атсалысуға шақырды. Кездесу барысында жастар арасындағы өзекті мәселелердің бірі – жұмыссыздық туралы да сөз болды. Бұл туралы Батыс Қазақстан облыстық кәсіподақтар орталығы жанындағы «Келешек» жастар кеңесінің өкілі айтты.

E5B20449-7D25-4F11-B094-9E4A95CC99D1

Кәсіподақ жастары қала әкіміне:

- Жастар жұмыссыздығының басты себебі – жұмыстың жоқтығы емес, тұрақсыз жұмыстың көптігінен деп ойлаймыз. Бұл орайда мәселені көтеріп қана қоймай, механизмін қатар ұсынуды жөн көрдік. Қазіргі жастар аз жалақыға еңбек еткісі келмейді, алған дипломдарымен жұмыс жасағысы келмейтіні тағы бар. Бірақ бұл мәселемен Орал қаласы аумағында күресу оңайырақ деп білеміз. Бүгінгі күні шетелдік, ұлттық кәсіпорындар жас мамандарды дипломдарына емес, көшбасшылық, ұйымдастырушылық, ептілік дағдыларына қарай жұмысқа тартуда. Ол үшін арнайы «Жас өркен», «Ізбасар» секілді кәсіпорын жанынан тәжірибелік бағдарламалар ұйымдастыруда. Нәтижесінде жастарды жұмысқа алады. Ал біз білеміз ең ірі мұнай компаниялардың бірі – «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг б.в» біздің өңірде орналасқан және жыл сайын аумақтың инфрақұрылымына инвестиция құяды. Осы орайда, аталмыш жұмыспен қамту бағдарламаларын сол компания арқылы жүзеге асыруды ұсынамыз, - деді.

Қала басшысы жастар ұсыныстарына ризашылығын жеткізіп, кәсіподақ жастарының көтерген мәселесін қарастыратынын жеткізді.

«БҚО Кәсіподақтар орталығы» АКБ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале