4.04.2022, 11:20
Оқылды: 135

«Қасиетті Рамазан — татулық пен береке айы»

Дәл осындай тақырыпта Теректі ауданында «Бірлік» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен рухани кеш өтті.

WhatsApp Image 2022-04-04 at 11.28.12

Аудан орталығы Федоров және Подстепный ауылдарының тұрғындары бас қосқан жиында Теректі ауданының әкімі Тілек Габдушев сөз сөйлеп, күллі мұсылман қауымы асыға күтетін айлардың сұлтаны - Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтады. Аудан басшысы алдағы уақытта Ақсуат, Сарыөмір, Жаңа Өмір, Подстепный және Федоррв ауылдарында мешіттердің бой көтеретінін айтып, сүйінші хабармен бөлісті.

WhatsApp Image 2022-04-04 at 11.28.42

«Amanat» партиясы Теректі аудандық филиалының атқарушы хатшысы Мирхат Ибраев та жерлестеріне жылы лебізін арнады. Содан соң сөз кезегін алған аудандық мешіттің бас имамы Еркінбек Ебелекқажиев, Рамазан айында уақытты тиімді пайдаланудың қажеттілігіне тоқталып, Құран оқуды үйренуге, сауат ашуға шақырды. Теолог маман Анар Демеутова да оразаның пайдасы туралы құнды мәліметтермен  бөлісті. Рухани әңгіме өрбіген ақ дастархан басында ақсақалдар мен ақ жаулықты әжелер кеш ұйымдастырып, ауызашар жасаған «Бірлік» қоғамдық бірлестігінің ұжымына алғыстарын жаудырды.

Іс-шара оразаға қатысты «Сұрақ-жауап» бөлімімен жалғасын тапты. Сауалдарға дұрыс жауап берген тұрғындар естелік сыйлықтарға ие болды.

 Балнұр Қанапева,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале