27.09.2026, 11:30
Оқылды: 5

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Еңбек күнімен құттықтады

​Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Еңбек күнімен құттықтап, бұл күн қабілеті мен қажырлы еңбегімен Отанның өсіп-өркендеуіне үлес қосып жүрген түрлі мамандық иелері ұлықталатын мерейлі мереке екенін атап өтті.

InShot_20260927_101336439

Фото: aqorda_resmi

Президент өз сөзінде өз ісін жетік меңгерген кәсіби, жауапкершілігі жоғары және тәртіпті азаматтардың арқасында елдің әлеуметтік-экономикалық табысқа жетіп жатқанын жеткізді. Қазіргі таңда қоғамда «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты жаңа этика қалыптасқанын айтқан Мемлекет басшысы өткен жылғы Жұмысшы мамандықтар жылы бастамасының еңбек адамының мәртебесін арттыруға серпін бергенін атап өтті. Мемлекет алдағы уақытта да азаматтардың дамуына жағдай жасап, жастарға кәсіби білім беру мен тәлімгерлік дәстүрді жалғастыруды басты міндеттердің қатарында қоятынын айтып, барша отандасына мықты денсаулық пен толағай табыс тіледі.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале