23.06.2020, 9:36
Оқылды: 241

Қасым-Жомарт Тоқаев полиция қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында Қазақстанның полиция қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.

B66FE062-B2B6-4CED-9DAE-B6D36FEE69EA

«Қазақстанның полиция қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймын! Батылдық, адалдық, принципшілдік сияқты қасиеттер – қоғам тыныштығы мен қауіпсіздігінің кепілі. Сіздер пандемияға қарсы күрес секілді қиын-қыстау кезеңде де өздеріңізге жүктелген күрделі міндеттерді адал атқарып келесіздер. Барша полиция қызметкерлеріне зор денсаулық, бақ-береке, табыс тілеймін!» делінген хабарламада.

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале