12.10.2026, 19:00
Оқылды: 17

Қазақстан әдебиеті Германиядағы ірі кітап жәрмеңкесінде таныстырылды

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, 7-11 қазан аралығында Германияның Майндағы Франкфурт қаласында Frankfurter Buchmesse 2026 халықаралық кітап жәрмеңкесі өтті.

IMG_20261012_181947_640

Фото: madenietaqparat

Қазақстанның ұлттық стендінде 15-тен астам отандық баспаның 300-ге жуық кітабы ұсынылды. Жәрмеңкеге 30-дан астам қазақстандық баспагер мен әдебиет саласының өкілі қатысты.

Кітап жәрмеңкесі аясында Роза Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне», Оразалы Сәбденнің «Әлем, Абай, жасанды интеллект жолы» кітаптарының, «Димаш Құдайберген: Шексіз музыка», «BÖRTE. Ұлы Дала патшайымы», «Ахмет Кенесарин. Сұлтан Сыдықтың шежіресі», «Уәли хан дәуірі және Абылай ханның ұрпақтары» және басқа да туындылардың таныстырылымы өтті.

Жәрмеңкеде көркем аудармаға қатысты мәселелер де сөз болды. Сондай-ақ Contemporary Voices of Kazakhstan әдеби кездесуінде оқырман қазіргі Қазақстан әдебиетінің жаңа есімдерімен танысты.

IMG_20261012_181957_851

Қазақстанның Майндағы Франкфурт қаласындағы Бас консулының міндетін атқарушы Мұрат Тәукебаев ұлттық стендті аралап, қазақстандық делегация өкілдерімен кездесті.

Жәрмеңке барысында отандық баспагерлер шетелдік әріптестерімен қазақстандық әдебиетті халықаралық деңгейде таныту, кәсіби тәжірибе алмасу және ортақ жобаларды жүзеге асыру мәселелері бойынша келіссөз жүргізді.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале