1.10.2026, 19:00
Оқылды: 2

Қазақстан Беларуське 30 млн долларға коммерциялық техника жеткізеді

ҚР Сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше, «Иннопром. Беларусь» форумы аясында өткен Қазақстан-Беларусь іскерлік кеңесінің отырысында тараптар өнім жеткізуді ұлғайтуға бағытталған бірқатар келісімге қол қойды.

IMG_20261001_190537_648

Фото: saudagovkz

Бұл бағытта Сауда және интеграция министрлігі мен «QazTrade» орталығы тиісті қолдау көрсетуде. Мәселен, «Hyundai Trans Auto» ЖШС мен Беларусьтің «Эр Си М» ЖШҚ арасында 2027-2028 жылдары кемінде 30 миллион доллар болатын 790 бірлік коммерциялық техниканы жеткізу туралы келісім жасалды. Сонымен қатар «Көкшетауские минеральные воды» АҚ пен «Завод Бульбашъ» ЖШҚ қазақстандық алкоголь өнімдерін Беларуське экспорттау бойынша уағдаласты.

Жалпы алғанда, екі ел арасындағы тауар айналымы тұрақты өсіп келеді: 2025 жылдың қорытындысы бойынша көрсеткіш 30%-ға артып, 1,2 миллиард доллардан асқан болса, 2026 жылдың қаңтар-шілде айларында өзара сауда тағы 20,5%-ға өсіп, 723 миллион долларды құрады.

Жаңа жобалар мен Минскіде ашылған «Қазақ Трейд Хаус» сауда үйі отандық тауарлардың Беларусь нарығындағы экспорттық әлеуетін одан әрі арттыруға мүмкіндік береді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале