28.04.2026, 16:15
Оқылды: 16

Қазақстан Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерге төлем жасау қағидаларын жаңартты

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Қарулы күштердің әскери қызметшілеріне ақшалай үлес, жәрдемақылар және өзге де төлемдерді төлеу қағидаларына өзгерістер енгізді.

_gluster_2026_4_28_b218fb9080c89520d105702d2541e52e_1280x720

Тиісті бұйрық үстіміздегі жылдың 21 сәуірінен бастап күшіне енді.

Түзетулер материалдық қамтамасыз етудің жекелеген нормаларын нақтылауға және төлемдерді есептеу тәртібін жетілдіруге бағытталған.

Атап айтқанда, қағидаларға «істер мен лауазымды қабылдау күні» және «істер мен лауазымды тапсыру күні» деген жаңа ұғымдар енгізілді. Бұл күндер командирдің бұйрығымен бекітіліп, ақшалай үлесті есептеу кезінде қолданылады. Жекелеген төлемдерді есептеу тәртібі де нақтыланды. Мәселен, әскери қызметтен теріс себептермен босатылған жағдайда сауықтыруға арналған жәрдемақы енді айдағы нақты күнтізбелік күндер санына пропорционалды түрде есептеледі. Құжатта сыйақы беру тәсілдері де айқындалған.

Әскери қызметшілер ерекше маңызды әрі күрделі тапсырмаларды орындағаны, жоғары нәтижелерге қол жеткізгені және қызметтік міндеттерін үлгілі атқарғаны үшін ынталандырылуы мүмкін. Сыйақылар мемлекеттік және кәсіби мерекелерге, сол секілді мерейтойлық күндерге орай берілуі мүмкін. Мерейтойлық жасқа 40 жас және одан кейінгі әрбір бес жыл кіреді. Өзгерістердің жеке бір бөлігі әлеуметтік қолдауға арналған. Әскери қызметшілерге көрсетілетін материалдық көмектің көлемі ұлғайтылды. Енді оның мөлшері ең төменгі жалақыға еселенген түрде айқындалады. Бұл биыл 85 000 теңгені құрайды.

Материалдық көмек бюджет қаражатының үнемделуі есебінен беріледі. Жақын туыстарының, жұбайының немесе қайын жұртының қайтыс болуы жағдайында ол ең төменгі жалақының бес еселенген мөлшеріне дейін (425 мың теңгеге дейін) жетуі мүмкін. А

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале