Қазақстан құрамасы сапында 42 спорт түрінен 152 спортшы бақ сынап жатыр. Қырғызстанда VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтуде. Жарыстар 31 тамыз бен 6 қыркүйек аралығына жоспарланған - деп жазды baq.kz.

Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, жарыстың алғашқы күнінде қазақстандық спортшылар ордо (асық ату), тоғызқұмалақ, кураш, гореш және моңғол күресінен сайысқа түсті.
Тоғызқұмалақ бойынша жарыстар 6 қыркүйекке дейін жалғасады. Ал ордо (асық ату) спортындағы финалдық кездесулер 2 қыркүйекте өтеді.
Моңғол күресінен өнер көрсеткен Ерасыл Амангелді мен горештен сынға түскен Мадияр Абдрахманов қарсыластарына есе жіберді. Күрестің үш түрі бойынша жарыстар аяқталды.
2 қыркүйекте Көшпенділер ойындарында көкпар, көкбору, эр эңиш (аударыспақ), алыш, овари, мангала, тоғызқұмалақ, ат марафоны, ордо, қыран құстармен аң аулау, жамбы ату, дәстүрлі садақ ату, масс-рестлинг, арқан тарту, сумо, стронгмен және жамбас сүйегін сындыру бойынша жарыстар өтеді.
Ойындардың ашылу салтанатында Қазақстанның туын көкпардан әлем чемпионы, ұлттық құраманың капитаны Тұрғанбек Құрманбек алып шықты.