Құрылтайдың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан Республикасы Құрылтайының quryltai.kz ресми веб-сайты іске қосылды.

Фото: quryltairesmi
Жаңа ақпараттық ресурста Құрылтай мен оның депутаттарының қызметі туралы өзекті хабарламалар, заң жобаларының мәтіндері, анонстар мен талдамалық материалдар жарияланады.
Сонымен қатар порталда отырыстардың онлайн-трансляцияларын қарап, фото және бейнематериалдармен танысуға болады. Ұйымдастырушылар Құрылтай жаңалықтары мен атқарылған жұмыстар жайлы ресми сайт пен әлеуметтік желілердегі парақшалар арқылы хабардар болуға шақырады.