22.08.2026, 12:00
Оқылды: 19

Қазақстанда 27 млн тоннадан астам жемшөп дайындалды

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, еліміздің өңірлерінде жемшөп дайындау науқаны қарқынды түрде жалғасуда.

photo_5211034840889762205_y

Фото: Agropresskz

Облыстар әкімдіктерінің жедел деректеріне сәйкес, отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер алдағы қысқы мал қыстату кезеңіне жоспарланған көлемнің 67 пайызды құрайтын барлық түрдегі 27,9 млн тонна жемшөп дайындап үлгерді.

Атап айтқанда, 22,8 млн тонна шөп (жоспардың 89%-ы), 2,1 млн тонна пішендеме (90%-ы), 1 млн тонна құрама жем, 446,2 мың тонна сүрлем және 1,5 млн тонна сабан жиналды.

Сонымен қатар қысқы мал қыстату кезеңін тұрақты өткізу және сақтандыру қорын қалыптастыру мақсатында «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ 201,3 мың тонна астық көлемінде резервтік жемшөп қорын жасақтады. Қажет болған жағдайда бұл қор шаруашылықтарды қамтамасыз етуге бағытталады.

Ауыл шаруашылығы министрлігі өңір әкімдіктерімен бірлесіп, мал шаруашылығы қожалықтарын жемшөппен тиісті деңгейде қамту барысын тұрақты бақылауда ұстап отыр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале