6.10.2026, 23:00
Оқылды: 5

Қазақстанда 600 мыңнан астам өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам «көлеңкелі» экономикадан шығарылды

ҚР Үкіметінің баспасөз қызметінің мәліметінше, елімізде тіркелген өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны 14,5 мың адамнан 804,8 мың адамға дейін артты.

Ақша JP

Бұл туралы Үкімет отырысында қаржы министрі Мәди Такиев мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл көрсеткіштің өсуіне 2026 жылдан бастап қолданысқа енгізілген арнайы салық режимі мен Yandex, InDrive, Wolt, Glovo сияқты 38 цифрлық платформаның салық агенті ретінде әрекет етуі тікелей ықпал еткен. Платформалар арқылы әлеуметтік төлемдер 4% мөлшерінде автоматты түрде ұсталып, нәтижесінде 600 мыңнан астам бейресми жұмыс істеген азамат ресми экономикалық айналымға тартылды, ал түскен әлеуметтік төлемдер көлемі 1,4 млрд теңгеден 16,1 млрд теңгеге дейін өсті.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале