3.10.2026, 16:00
Оқылды: 6

Қазақстанда автоматты аппараттар арқылы 5 млн астам ыдыс қайта өңдеуге тапсырылды

ҚР Экология министрлігінің дерегі бойынша, «Жасыл даму» АҚ мен Sparklo компаниясы Қазақстанда пластик бөтелкелер мен алюминий банкаларды жинауға арналған фандоматтар желісін бірлесіп дамытуда.

IMG_20261003_011944_797_edit_8477174613796

Фото: EcologyofQazaqstan

Бүгінде тұрғындар осы автоматтар арқылы қайта өңдеуге 5 млн-нан астам бөтелке мен банка тапсырып, бағдарламаға 100 мыңнан астам адам қатысты.

Қазіргі уақытта Астана, Алматы, Көкшетау және Ақтөбе қалаларының сауда орталықтары мен қоғамдық орындарында 46 фандомат орнатылған.

«Таза Қазақстан» экологиялық бастамасының мақсаттарына сай келетін бұл жоба қалдықтарды бөлек жинау жүйесін дамытуға бағытталған. Машиналық оқыту технологиясымен жұмыс істейтін аппараттарға ыдыс тапсырған тұрғындар мобильді қосымша арқылы ұпай жинап, оларды серіктестердің бонустарына айырбастай алады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале