28.10.2026, 23:00
Оқылды: 110

Қазақстанда бай-бағландарға арналған жоғары салық мөлшерлемесін енгізілуі мүмкін

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында мәлімдеді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

IMG_20261028_190040_366

Фото: aqorda_resmi

Президент салық саясатын жетілдіру және әлеуметтік әділдікті қамтамасыз ету мәселесіне ерекше тоқталып, қоғамдағы мүліктік жіктелуді азайтып, әділдік қағидатын орнықтыру үшін ауқатты азаматтарға салық салу мәселесін қайта қарау керектігін айтты.

​«Бай-бағландарға табыс салығының жоғары ставкасын енгізу мәселесін қоғам болып талқылауымыз керек», – деді Президент.

​Бұл бастама еліміздегі салық жүйесін әділ етіп қана қоймай, бюджет кірісін арттыруға және әлеуметтік бағдарламаларды қаржыландыруға қосымша мүмкіндік береді деп күтілуде.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале