30.10.2026, 0:00
Оқылды: 11

Қазақстанда көлік жуу орындарына ауыз суды пайдалануға тыйым салынады

Қазақстанда Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында су саласын реформалау бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Үкімет отырысында Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.

istockphoto-2218556201-2048x2048

Фото: istockphoto.com 

​«Атқарылып жатқан ауқымды жұмыстар тартылған инвестиция көлемінен көрінеді. 2023 жылдың қыркүйегінен бастап қазіргі уақытқа дейін су саласының негізгі капиталына шамамен 1 трлн теңге инвестиция салынды. Осы кезеңде 1,4 мың шақырымнан астам канал, 5 су қоймасы және 8 гидротехникалық құрылыс қайта жаңартылды», – деді Нұржан Нұржігітов.

​Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта Қазақстанда 4,6 мың шақырымнан астам ирригациялық желі жаңғыртылып жатыр. Оның ішінде биыл 964 шақырымын аяқтау жоспарланған, бұл шамамен 200 мың гектар суармалы жердің сумен қамтамасыз етілуін жақсартуға мүмкіндік береді.

​Сондай-ақ заңнаманы одан әрі жетілдіру мақсатында ел аумағында көлік жуу орындарының технологиялық процестер үшін орталықтандырылған ауыз суды пайдалануына шектеу қоюды көздейтін Су кодексіне түзетулер дайындалды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале