26.03.2020, 8:31
Оқылды: 84

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 88 адамға жетті

26 наурыз сағат 08:25 жағдай бойынша коронавирус індетін жұқтырған тағы 2 адам тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

5E7D9E31-33F2-4219-BD92-B8A1CE166183

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 2 адам Нұр-Сұлтан қаласында тіркелді. Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 46 адам, Алматы қаласында – 34 адам, Қарағанды қаласында - 2, Шымкент қаласында - 2 адам, Алматы облысында - 1 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Жамбыл облысында -1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам жалпы 88 науқас тіркелді.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале