29.07.2026, 21:00
Оқылды: 4

Қазақстанда «Үміт» арнайы пойыздары жүруде

ҚТЖ баспасөз қызметінің хабарлауынша, БҰҰ бастамасымен атап өтілетін Дүниежүзілік адам саудасына қарсы күрес күніне орай елімізде «Адам саудасы – ауыр қылмыс» атты ауқымды республикалық ақпараттық науқан өтуде.

28LffZczTMfQvVsAgP8aOfYdR8mMxZy0patB5T30

Фото: rail-news.kz

Осы бастама аясында 12 қаланы қамтитын «Үміт» деп аталатын төрт арнайы үгіт-насихат пойызы жолға шықты.

Науқан барысында Петропавл – Алматы бағытымен жүретін пойыз Қарағанды қаласына келіп, маңызды профилактикалық шаралар ұйымдастырды. Қарағанды облысы полиция департаменті мен ҚТЖ ұйымдастырған шарада заңгерлер мен әлеуметтік қызметкерлер тұрғындарға заманауи құлдық түрлері, еңбек көші-қонының қауіптері мен көмек алу жолдарын түсіндірді. Сондай-ақ студенттермен және еңбек ұжымдарымен кездесулер өтіп, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған жадынамалар таратылды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале