Анкара қаласында Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер арасында өткен «2026 жылғы үздік тарату электр желілері командасы» халықаралық байқауында бірінші орын алған Қазақстан құрамасы марапатталды, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігі.

Фото: Minenergokz
Түркия, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Венгрия және Түрікменстан қатысқан бәсекеде отандық энергетиктер жоғары кәсібилік пен командалық үйлесім танытып, мерейімізді үстем етті.
Салтанатты шарада Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов жеңімпаздарды құттықтап, бұл жетістіктің елдің энергетика саласы үшін маңызы зор екенін атап өтті.
Өткен жылы үшінші орынға ие болған мамандар бұл жолы нәтижесін жақсартып, көш басынан көрінді. Осы орайда, үздіктерге адал еңбегі мен кәсіби шеберлігі үшін «Еңбек сіңірген энергетик», «Құрметті энергетик» төсбелгілері және министрдің Құрмет грамоталары табысталды.