28.01.2022, 11:50
Оқылды: 57

Қазақстандық олимпиадашылар Бейжіңге жетті

Қазақстандық спортшылар жұма күні таңертең «Air Astana» арнайы рейсімен қысқы Олимпиада ойындарына қатысу үшін «Шоуду» Бейжің халықаралық әуежайына жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

220128092216205e

Осы рейспен конькимен жүгіру спорты, шорт-трек, фристайл-могул, тау шаңғысы, трамплиннен шаңғымен секіру және шаңғы қоссайысы бойынша қазақстандық командалардың мүшелері келді.

Қазақстан делегациясы ПТР-тест пен төлқұжат бақылауынан өткеннен кейін Олимпиада қалашығына бет алды.

XXIV қысқы Олимпиада ойындары 4-20 ақпан аралығында Бейжіңде өтеді.

27 қаңтар күні Қазақстан делегациясы Нұр-Сұлтан – Алматы – Бейжің бағыты бойынша қысқы Олимпиада ойындарына ұшып шыққанын кеше жазған болатынбыз.

XXIV қысқы Олимпиада 4-20 ақпан аралығында Бейжіңде өтеді. Оған Қазақстан құрамасынан барлығы 34 спортшы қатысады, олар 87 жолдама жеңіп алды. Қазақстандықтар шаңғы жарысы, фристайл акробатика және могул, конькимен жүгіру, шорт-трек, биатлон, тау шаңғысы, тұғырдан секіру, шаңғы қоссайысы сияқты 8 спорт түрінен сынға түседі.

Ойындарды «Qazaqstan», «Qazsport», «Хабар» және «El arna» телеарналарынан тікелей эфирден көруге болады.

Төртжылдық доданың ашылу салтанаты Нұр-Сұлтан уақытымен 4 ақпан күні, сағат 17:55-те басталады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале