Бүгін, 29 қазанда Абу-Дабиде дзюдодан Grand Slam турнирі басталды, - деп жазады olympic.kz.

Іріктеу белдесулерінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының үш өкілі ширек финалға жолдама алды.
60 келіге дейінгі салмақта Елдос Сметов 1/8 финалда Қытай өкілі Ма Юйлиньнен басым түсті.
Осы салмақта сынға түскен Талғат Орынбасар да ширек финалға шықты. Ол ресейлік Турпал Хабибулаевты жеңді.
66 келіге дейінгі салмақта белдесетін Ғұсман Қырғызбаев хорватиялық Дани Клачардан басым түсіп, жарыстың келесі кезеңіне өтті.
Ал осы салмақтағы тағы бір қазақстандық Ақылжан Жұбатқанов алғашқы белдесуінде моңғолиялық Нарманда Баянмукхқа есе жіберіп, турнирдегі жолын аяқтады.