16.05.2024, 13:00
Оқылды: 94

Қазақстанның Ұлттық кино орталығы алғаш рет «Marche Du Film» кинонарығына қатысып жатыр

Ұлттық киноны қолдау орталығы алғаш рет 77-ші халықаралық Канн кинофестивалі аясында «Marche Du Film» кинонарығына қатысып жатыр. Бұл туралы ҚР мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

02053f2a661d4de79d8e0ffaf2892ecc_1280x720

Қазақстандық делегация қатысушыларға «Кazakhcinema» стендін ұсынды. Стендте қазақстандық киноөндіріс, Ұлттық киноны қолдау орталығының қызметі, сондай-ақ болашақ жобалар туралы мәліметтер көрсетілген.

Кazakhcinema Қазақстан шетелдік фильмдер өндірісін субсидиялау жүйесін (рибейт) танымал етуге назар аударады. Оның құқықтық негізі Қазақстан Республикасының «Кинематография туралы» Заңының қабылдануымен қамтамасыз етілген.

a115fb060f5e876e0bcce543bd333fe1_1280x720

«Marche Du Film» нарығына қатысудың мақсаты – бірлескен киноөндірісті дамыта отырып, шетелдік серіктестерді тарту, сондай-ақ отандық фильмдердің танымалдығын арттыру.

Айта кету керек, Қазақстан жыл сайын Халықаралық кино нарығына қатысып келеді. «Marche Du Film» 1959 жылы құрылған және әр жылда Канн кинофестивалімен қатар өтеді.

Іс-шара киноиндустрия әлеміндегі ең маңызды оқиғалардың бірі және ол 2024 жылдың 23 мамыр айына дейін жалғасады.

Фото: gov.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале