27.09.2021, 17:43
Оқылды: 86

Қазан айынан бастап шығарылатын QazVac дельта штамына қарсы тұруға қауқарлы болады

Алдағы қазан айынан бастап отандық QazVac вакцинасы дельта штамына қарсы күресуге бейімделіп шығарыла бастайды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлім етті.

D1A78A74-2B52-4D82-BD98-9951FCCA7F00

«QazVac-тың дельта штамымен күрестегі қауқарына жүргізілген зерттеу нәтижесі отандық вакцинаның тиімді екенін көрсетті. Үкіметтің тапсырмасы бойынша Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты (БҚПҒЗИ) ухань коронавирусының штамын дельтаға бейімдеу және ауыстыру бойынша маңызды жұмыс жүргізді. Қазан айында бүкіл QazVac вакцинасы дельта штамымен шығарылады. Ал Eta штамы бойынша бүгінде аталған институт патологиялық материалдар алды және 2 апта ішінде штамм бойынша зерттеу жасау жоспарланып отыр. Содан кейін аталған штамға қатысты QazVac тиімділігін сынау жұмысы жүргізіледі», - деді Е. Тоғжанова Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Премьер-Министр орынбасарының айтуынша, елге келген коронавирус штамдарын зерттеп, онымен күресу мәселесі үнемі бақылауда.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Үкімет басшысының орынбасары Жамбылдағы вакцина шығару зауытының өндіріске толық дайын екенін жеткізді. Оның мәлімдеуінше, бүгінде зауытта монтаждау, жабдықтарды іске қосу және валидация шарасы да толығымен аяқталды Одан бөлек, Е. Тоғжанов елімізде той-томалақ өткізуге рұқсат берудің себебін түсіндіріп берді.

Қазақпарат

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале