7.04.2024, 11:21
Оқылды: 52

Қазіргі уақытта уақытша орналастыру пункттерінде 1 455 адам бар, оның ішінде 604 бала

Бұл туралы БҚО төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Қанат Қарабалаев брифингте хабарлады. Жедел жағдайдың деректері бойынша Батыс Қазақстан облысының аумағында су тасқыны кезеңі басталғаннан бері 581 тұрғын үй мен олардың аула аумағы су астында қалған, атап айтқанда Орал қаласы 23, Теректі ауданы – 151, Қаратөбе ауданы 80, Сырым ауданы 204, Бөрлі ауданы - 84, Бәйтерек ауданы-39.

WhatsApp Image 2024-04-07 at 12.33.33

Бұдан басқа, 245 жеке аула аумағы су астында қалды, Теректі ауданында - 140, Қаратөбе ауданында - 46, Сырым ауданында - 25, Бөрлі ауданында - 34, 427 саяжай үйін су басты.

Облыс аумағындағы автожолдардың 70 учаскесінде су тасқыны болды, олардың 5 - республикалық, 35- облыстық, 31 - жергілікті, сондай – ақ 60 жол төсемі шайылды, олар – 1 - облыстық, 59 – жергілікті.

Бүгінгі таңда 10 елді мекенге көлік қатынасы үзілген, олар Теректі ауданы - 1, Шыңғырлау ауданы - 1, Қаратөбе ауданы - 8.

Облыс бойынша жергілікті ауқымдағы 6 төтенше жағдай жарияланды – Батыс Қазақстан облысында, Орал қаласында, Қаратөбе ауданында, Сырым ауданында, Бөрлі ауданында және Теректі ауданында.

Уақытша орналастыру пункттеріне 7 039 адам эвакуацияланды, оның ішінде 3 661 бала.

Қазіргі уақытта уақытша орналастыру пункттерінде 1 455 адам бар, оның ішінде 604 бала.

Бұдан басқа, сыйымдылығы 8 596 адам болатын 161 уақытша орналастыру пункті дайындалды.

Авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу барысында 4 580 бас мал: дәлірек айтсақ, 2 106 - ІҚМ, 2 441 - ұсақ мал, 33 – жылқы қауіпсіз орындарға айдалды. Алдын ала есептеулер бойынша мал өлімі 643 басты құрайды: 47 – ІҚМ, 561 – ұсақ мал, 35 - жылқы.

Су тасқыны басталғаннан бері облыстық Азаматтық қорғаныс қызметтерін тарта отырып, су тасқыны салдарын жою жөніндегі облыстық жедел штаб жұмысын бастады, осыған ұқсас штабтар Орал қаласы мен облыс аудандарында да жұмыс істеп тұр.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале