31.01.2020, 14:24
Оқылды: 91

Казталов ауданында 311 адам үй кезегінде тұр

2019 жылы Казталов ауданында 6 599 шаршы метр жерге тұрғын үй салынса, соның ішінде 4 288 шаршы метріне жеке үй салынған.

WhatsApp Image 2020-01-31 at 11.31.48

-Ауданда 311 адам үй кезегінде тұр. Алдағы уақытта аудан халқын тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін тек аудан орталығында ғана емес елді мекендер де салуды қолға аламыз.

WhatsApp Image 2020-01-31 at 11.31.44

Үй құрылысы үшін 2 қабатты 12 пәтерлік 3 үйдің жобалық-сметалық құжаты дайын. Құрылыс жұмысының құны - 414 млн. 489 мың теңге.

Жер кезегінде тұрғандарға жер беру үшін Жалпақтал ауылындағы 61 жер теліміне су жүргізілді. Көгілдір отын, электр және байланыс желілерін тарту және жаңадан салынған екі қабатты тұрғын үйлердің ауласын абаттандыру жұмысы жоспарлануда. Жобалық-сметалық құжаты дайын, - деді Казталов ауданының әкімі Альберт Есалиев.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале