23.09.2024, 11:15
Оқылды: 31

Келесі жылы Қазақстанның бес өңірінде шағын жинақты мектептердің әлеуетін дамыту бойынша жоба іске қосылады

Мемлекет басшысының тапсырмасымен ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен Ақтөбе облысының әкімдігі «Цифрлық технологияларды пайдаланып Ақтөбе облысындағы шағын жинақты ауыл мектептерінің әлеуетін дамыту» пилоттық жобасын жүзеге асыруда. Жуырда облыс орталығында өткен республикалық семинарда аталған жобаның қорытындылары талқыланды, деп жазды Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

5E991098-D984-4AE7-9BFD-B0C3A8FFF988

Суреттер: Оқу-ағарту министрлігі

Жалпы пилоттық жоба Ақтөбе облысы бойынша 10,5 мыңнан астам оқушы білім алатын 134 шағын жинақты мектепті қамтиды. Тірек мектептердің оқытушылары сабақ беруде стримингтік оқытудың цифрлық шешімдерін қолданды. Жоба нәтижесінде мектептерде онлайн оқыту үшін жаңартылған цифрлық кабинеттер және лабораториялық жұмыстар үшін ғылым кабинеттері ашылды, 1000-нан астам педагог «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы әзірлеген екі білім беру бағдарламасы бойынша оқыды. Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы ғылыми-әдістемелік сүйемелдеуді жүзеге асырды.

D7767DFC-8417-44B9-9E5E-D2D1628EBB5D

«Оқу-ағарту министрлігі ауылдық және шағын жинақты мектептерді дамыту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуде. Сегіз мың мектептің 67,4%-ы ауылдық жерлерде, 51,2%-ы шағын жинақты болып табылады. Олардың басым бөлігі Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Павлодар, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында орналасқан. Ақтөбе облысында жүзеге асырылған пилоттық жобаның нәтижесінде ауыл мектептерінде білім сапасы пен оқыту тиімділігінің айтарлықтай артқанын байқап отырмыз. Бұл жоба жоғарыда аталған өңірлерде 2025-2026 жылдарда жүзеге асырылады», - деп атап көрсетті оқу-ағарту бірінші вице-министрі Наталья Жұмаділдаева. 

Атап өту керек, жобаны жүзеге асыру кезінде мектептердің 77,4%-да жоғары жылдамдықты интернетке қосу және педагогикалық кадрлар тапшылығы мәселесі шешімін тапты. 

Жоба «Қазақстан халқына» қорының, Білім беруді тұрақты дамыту қорының қолдауымен Ақтөбе облысының әкімдігімен бірлесіп ҚР Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен жүзеге асырылды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале