ҚР Мәдениет министрлігінің мәліметінше, әлемге танымал киберспортшы Данил «Molodoy» Голубенко Халықаралық волонтерлер жылының жаһандық амбассадоры атанды.

Фото: cybersportscore.com
2026 жыл Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен тұрақты даму мақсатындағы Халықаралық волонтерлер жылы болып жарияланған болатын.
Киберспортшының бұл бастамаға қосылуы әлем жастары арасында волонтерлік мәдениет пен құндылықтарды ілгерілетуге тың серпін береді.