1.07.2022, 18:00
Оқылды: 161

Киік ату жұмысы кімге жүктеледі - комитет жауабы

Биыл Қазақстандағы киіктердің жалпы саны 1 млн 300 мыңға жетті. Бұл ауыл шаруашылығы алқаптарының бүлінуіне әкеп соқты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

016cb683583a449195916a361f18cdc8

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің басқарма басшысы Қуат Шумақаевтың айтуынша, Батыс Қазақстан, Ақмола және Қостанай облыстарының фермерлерінен шағым түскен.

Оның айтуынша, Зоология институты киіктердің санын әрі қарай реттеу бойынша ғылыми-биологиялық негіздеме дайындады.

Бұл мәселе бойынша түпкілікті шешім 7 шілдеде жарияланады.

Қуат Шумақаев киіктерді жаппай атуға жол берілмейтінін айтты.

«Тәжірибе көрсеткендей, 1975 жылы жалғыз рет әуесқойлық ату жүргізілген және ол киік санының күрт төмендеуіне және браконьерліктің артуына алып келді. Ғылыми ұйым ат жұмыстарын реттеуді сылтауратып киік аулауға ниет білдірген барлық аңшыларға емес, орман шаруашылығы комитетіне бағынышты мамандандырылған ұйымның жүргізуін ұсынады», - деді ол.

Спикер келтірген деректер бойынша, биологиялық негізге сәйкес, алдын ала ату пайызы Орал популяциясы жалпы санының 10% – 80 мың бас, бетпақдала популяциясының 2,5% немесе 9-10 мың киікті көрсетіп отыр.

Ол киіктерді 2025 жылға дейін сатуға тыйым салған конвенция бар екенін еске салды. Оны Қазақстан аумағынан тыс жерлерге шығару мәселесі тұрған жоқ.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале